Бұл жоба, ғылыми зерттеүлерді коммерцияландыру граннтық қаржыландыру шеңберінде «Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігінің ғылым комитет» ММ қаржыландыру арқылы жүзеге асырылады.
2017 Ғылыми және (немесе) ғылыми – техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыруға арналған конкурс нәтижелері бойынша – табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, шікізат өндеу және өндіру жөніндегі ұлттық ғылыми кеңесінің отырысының 2017 жылдың 3 қазандағы № 11 хаттамалық шешіміне сәйкес жоба «Д.В. Сокольский атындағы Жанармай, катализ және электрохимия институт» АҚ жүзеге асырылуда.
«Д.В.Сокольский атындағы Жанармай, катализ және электрохимия институты» АҚ 1969 жылдың 1 желтоқсанында құрылды.
Институт акционерлік қоғам нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның 100% акциялары «Қазақстан-Британ техникалық университеті» АҚ-ға тиесілі.
Қазіргі уақытта институттың бас директоры – ҚР ҰҒА академигі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, химия ғылымдарының докторы, профессор Жұрынов Мұрат Жұрынұлы.
Институт құрылымында 10 зертхана бар. Кадрлық қурамы 100-ден астам ғылыми қызметкерлермен қамтылған, оның ішінде 50 пайыздан астамы ғылыми атақ иегерлері (ҚР ҰҒА академиктері, ғылым докторлары мен кандидаттары, PhD докторлары)
Институт құрылған сәттен бастап бүгінгі күнге дейін, жарты ғасыр бойы өнертабыстардың, авторлық куәліктер мен халықаралық патенттердің орасан көп санын иеленуші ғалымдар командасы өнеркәсіпке көптеген әзірлемелерді енгізуді жүзеге асырып, жүздеген мемлекеттік және коммерциялық жобаларды іске асырды.
Институттың басым бағыттары: көмірсутекті және минералдық ресурстарды терең өңдеу, коррозия, экология және қоршаған ортаны қорғау, жаңартылатын энергетика, технологиялық процесстерді моделдеу және олардың негізінде сандық қосындыларды құру, білім беру қызметіне интеграциялау болып табылады.
Институттың зерттеулері әлемдік тенденция ескере отырып жүргізіледі және әлемнің ірі ғылыми орталықтары мен компанияларының осыған ұқсас бағыттарын әзірлеумен бәсекелеседі. Институттың Ғылыми жетістіктері жоғары халықаралық деңгейде мойындалды.
Институт базасында өндірілетін өнімнің бәсекеге қабілеттілігі республика және жақын шетел кәсіпорындарында әзірленетін технологиялардың табысты пилоттық және жартылай өнеркәсіптік сынақтарымен расталды.